Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй

28 жасқа дейінгі жастарға (28 жас қоса есептеледі) 5 жылға ғана берілетін жалдамалы тұрғын үй

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
  • Жұмыс істейтін жастар - жиырма тоғыз жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі, және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және еңбек ететін Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • Жеке баспананың болмауы;
Жалдау мөлшері:
  • Ірі қалалар: Нұр-Сұлтан,Алматы,Ақтау,Атырау үшін 1 шаршы метрге 150 теңге
  • Аймақтар үшін 117 теңге
Ай сайынғы жалдау ақысы:

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау үшін:

  • 40 ш.м. - 6 000 тг
  • 60 ш.м. - 8 000 тг
  • 80 ш.м. - 12 000 тг

Басқа аймақтар үшін:

  • 40 ш.м. - 4 667 тг
  • 60 ш.м. - 7 000 тг
  • 80 ш.м. - 9 333 тг

Коммуналдық қызметтер мен салықтарды жалға алушы өзі төлейді

Қайда бару қажет:

  • Жергілікті әкімдікке бару қажет

Құжаттар тізімі:

  1. осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
  3. білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  4. неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  5. балалардың туу туралы куәлігінің (терінің) көшірмесі (бар болса);
  6. өтініш берушігежәне отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
  7. жұмыс орнынан анықтама;
  8. өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
  9. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
  10. банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
  11. өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру тәртібі
  1. Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында өтініштерді қабылдаудың басталу және аяқталу күнін көрсете отырып, жұмыс істеп жүрген жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру туралы хабарландыру жариялайды.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беріледі.
  3. Өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады.
  4. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын және олардың осы Қағидалардың 1 және 2-тармақтарына сәйкестігін тексереді.
  5. Өтініш беруші осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоқ құжаттарды қосымша ұсынуға мүмкіндік беріледі. Өтініш беруші осы Қағидалардың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды беруден жазбаша түрде бас тартады.
  6. Уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде балдарды есептейді және ең көп балл саны бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды алуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады.
    Бағалау баллдық жүйеде жүзеге асырылады:
    • «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, нарықтағы сұранысқа ие 100 (жүз) мамандықтардың тізіміне сәйкес кәсіпті игерген үміткер, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Еңбек» 2017 ж. 2018 жылғы 7 қарашада № 746 - 10 балл;
    • егер отбасы болса - 5 балл, некеде тіркелген әр жыл үшін - 2 балл;
    • егер 1 (бір) бала болса - 1 балл, әрбір келесі бала үшін - 2 балл;
    • жеке кәсіпкерлік қызметті кемінде 1 жыл жүзеге асырған кезде - 5 балл, әр жыл үшін - 1 балл;
    • қызметтің түрлі салаларында өтініш берушінің жеке жетістіктері болған кезде - 2 балл;
    • бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін - 5 балл, әр қызмет жылы үшін - 1 балл;
    • екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы (салымдардағы) жинақтаудың әр жылы үшін - 2 балл.
    Ұпайлар тең болған жағдайда, өтінім беру мерзімінде ертерек өтініш берген үміткерлерге артықшылық беріледі.
  7. Жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз беру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және оған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бірінші басшысы қол қояды.
  8. Уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй беру туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініш беруші мен уәкілетті орган арасында жалдау шарты жасалады.