«Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ-нан жалдамалы тұрғын үй
20 жылға дейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй.
Үміткерлер:
Білім және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер (ҚР БҒМ және ҚР ДСМ).
Жалға берілетін пәтерлерді тек мұғалімдер немесе дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар министрліктер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері де ала алады. Бағдарламаға қандай қызметкерлер қатыса алады және қатысушыларға қойылатын талаптар (жасы, еңбек өтілі және т.б.) министрліктермен (Қазақстан Республикасының БҒМ және Қазақстан Республикасы ДСМ) және тиісті келісімдер жасалған әкімдіктермен шешіледі.
Жергілікті әкімшілік органдарында кезекте тұрған тұлғалар:
- көп балалы отбасылар;
- толық емес отбасылар;
- мүгедек балалар тәрбиеленетін отбасылар;
- жетімдер мен ата-ананың қамқорынан айырылған балалар;
- мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала жұмыскерлері;
- әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері;
- оралмандар.
Сатып алу құқығымен жалданатын баспана кезегі келген үміткерлерге ғана беріледі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- Жеке баспананың болмауы;
- Соңғы жылдағы кірістер;
- Білім және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер үшін: жалға алушының жасы жалдау бойынша міндеттемелерді орындау кезіндегі зейнет жасынан аспауы керек.
- Жергілікті әкімшілік органдарында кезекте тұрған тұлғалар үшін: тұрғын үйдің 50 %,жоғарыда көрсетілген санат бойынша кезекте тұрған тұлғаларға беріледі. Мұнда кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде)болу керек, сондай-ақ, толық емес отбасыларға беріледі. Оған жасы ажырасқан, жесір, тұл қалған,35 жасқа толмаған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған тұлғалар жатады.
Бағдарлама параметрлері:
- бастапқы төлем жоқ
- жалға беру мерзімі өткеннен кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді;
- жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі қарастырылған;
- кіріс жеткіліксіз болғанда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі қарастырылған;
- өтінішті қарау үшін комиссияның болмауы;
- жылдық сыйақы мөлшерлемесі 3,1%.
Жалдау мөлшері:
- Ірі қалалар үшін 1 шаршы метрге 1455 теңге
- Аймақтар үшін 1232 теңге
Қүжаттарды қарау:
- Құжаттарды қабылдау мерзімі жергілікті атқарушы органдармен анықталады.
- "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастау туралы хабарландыру әкімдік сайтында орналастырылады.
- Жалға берілетін тұрғын үйге үміткерлерден құжаттар қабылданған соң, басымдылығы мен кезектілігін есепке ала отырып, әкімдік алдын ала әлеуметтік жалға алушылардың тізімін жасайды.
- Жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша құрылған тізімдер төлем қабілеттілігін анықтау үшін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ына (әрі қарай – ҚИК) жіберіледі.
- Әлеуеттік жалға алушылар төлем қабілеттілігі бойынша талаптарға сәйкес келген жағдайда, ҚИК пәтерлерді әрі қарай бөлу үшін талаптарға сәйкес келген әлеуеттік жалға алушылар тізімін әкімдікке жібереді және ақпаратты ҚИК сайтына (қатысушылар тізімін) орналастырады.
Өтінішті қалай тапсыруға болады:
«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру (сатып алу құқығымен үйді жалға алу туралы) әкімдіктер сайттарында орналастырылды.
Өткен қатысушылардың тізімі әліпбилік ретпен нөмірленеді. Ол тізіммен сіздер "ҚИК" АҚ-ның веб-сайтында таныса аласыз: https://kmc.kz/ru/program/nurly-zher-lease
Төлем қабілеттілігін бағалау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Өтінім беруші мен Кепілгердің жеке куәлігінің түпнұсқалары (салыстыру үшін) мен көшірмелері, оралманның куәлігі.
- Өтінім беруші мен Кепілгердің тұрғылықты тұрғын жайы бойынша тіркеуді растайтын құжат (адрестік анықтама);
- Өтінім беруші мен Кепілгердің жұмыс орнынан лауазымы, жұмыс өтілі туралы анықтаманың түпнұсқасы (тіркеуге алынған күні мен нөмірі көрсетіледі);
- Өтінім беруші мен Кепілгердің жұмыс орнынан құжат тапсырған айдың алдындағы алты айдың еңбек жалақысы туралы анықтамасының түпнұсқасы.
- Өтінім беруші мен Кепілгердің құжат тапсырған айдың алдындағы алты айдың басқа да табыстарын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері; Толық емес жұмыс күні немесе бірлесіп атқарылған жұмыстардан түскен табыстар туралы ақпарат соңғы 12 ай ішінде алатын табысын растау ұсынылған кезінде пайдаланылады.
- Жыл сайынғы бонустар Өтініш берушінің төлем қабілеттілігі кезінде назарға алынуы мүмкін, егер Өтініш берушінің оларды соңғы 2 жыл ішінде алғандығын оның жұмыс берушісі растайтын болса.
- Өтінім беруші мен Кепілгердің құжат тапсырған айдың алдындағы алты айдың зейнетақы аударымдары туралы үзіндінің түпнұсқалары;
- Неке қию туралы куәліктің, жұбайының некені бұзу туралы, жалға алушының некеге тұрмағандығы туралы нотариатпен расталған өтініші, жұбайының қайтыс болғандығы туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі (жұбайы/жары болған жағдайда). Балаларының туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары (салыстыру үшін) мен көшірмелері (балалары болған жағдайда).
- Мүгедектігі туралы анықтама.
- Жолдама.
Жеке кәсіпкерлерге келесі құжаттарды қосымша ұсынуы керек:
- Өтінім берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
- Патент негізінде салық салу кезінде патент түпнұсқасы мен көшірмесі.
- Зейнетақы аударымдары туралы құжат өткізген алдындағы соңғы алты айдың үзінді көшірмелерінің түпнұсқасы.